Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ҚазАгро" еншілесінің айналасындағы дауға қатысты пікір білдірді

"ҚазАгро" еншілесінің айналасындағы дауға қатысты пікір білдірді

Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz - "ҚазАгро" ұлттық холдингі өкілдері ШҚО-дағы миллиондаған қаражаттың жымқырылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "ҚазАгро" холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылғы 27 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатының барысында "ҚазАгро" ұлттық холдингінің еншілес компанияларының бірі қаржы жымқырғаны туралы ақпарат айтылған еді.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорында проблемалық құнды қарыздардан берешектерін өндіріп алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Осы іс-шаралар шеңберінде 2015 жылы Қормен оның Шығыс-Қазақстандағы филиалында бірқатар несиелер алдамшылық схемасын пайдаланып, атап айтқанда қарыздарды жалған адамдардың атына рәсімдеу арқылы алынғаны айқындалды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, іс материалдарының құқық қорғау органдарына жолдағаны хабарланған.

"Айқындалған бұзушылықтар бойынша Қордың Шығыс-Қазақстандағы филиалымен құқық қорғау органдарына 2014-2015 жылдары заңсыз жолмен 31 қарыз алушының негізгі борышы 132,5 млн.теңге сомасындағы несие алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы материалдар жіберілді. Жалпы сомасы 101,8 млн.теңгеге 22 несие бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның 4 факті бойынша 17,1 млн. теңгенің несиесі өтелді. 2017 жылғы ақпанда өткен сот үкімімен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істің бірқатар фигуранттарына қатысты бостандықтан айырумен байланысты түрлі жазалау шаралары қолданылды", - делінген хабарламада.

Похожие материалы