Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда доллардың жоғарғы курсы 314 теңге болды

Алматыда доллардың жоғарғы курсы 314 теңге болды

Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 3 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 313,44 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайты хабарлады.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,90 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 313,75 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 313,04 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 63 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 153.

Ақша айырбастау орындарында 3 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15:50) Алматыда 314,5 теңгені құраған.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы