Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

30 мыңнан астам шымкенттік тұрғын үй кезегінде тұр

30 мыңнан астам шымкенттік тұрғын үй кезегінде тұр

Шымкент. 4 сәуір. 7kun.kz - Шымкент қаласының өзінде 30 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Ал, оларды баспанамен  қамту мерзімі әлі нақтыланбаған. Бұл туралы облыс әкімдігінің алқа  мәжілісінде  шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілісте  сөз алған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрғын үй салуға «Оңтүстік ӘКК» арқылы инвесторлар  тарту керектігін айтты.

«Бос пайдаланбай жатқан жерлер көп. Жер иелері көпқабатты тұрғын үй салуы керек, шамасы жетпесе жерді мемлекетке қайтаруы тиіс», - деді қала басшысы.

Жиында мемлекеттік  «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының өңірдегі іске асырылу барысын баяндаған  Салыхан Сабырұлы облыс аумағында жыл соңына дейін  113 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілетінін айтты. Оның сөзінше биыл 524,5 мың шаршы метрді құрайтын 169 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.

Сонымен қатар облыс әкімі үй тұрғызғанда оңтүстіктің  ауа райы да назардан тыс қалмауын ескертті.

«Тұрғын үй құрылысына жеке инвесторлар тартуды қолға алып, көпқабатты баспаналардың қатарын көбейтуіміз қажет. Қам кесектен жер үй салуды тоқтатып, сейсмикалық талаптарға сай еткен абзал. Егер дəл қазіргі қалпымен кете берсе,  117 мың гектарды алып жатқан Шымкент үлкен  ауылға айналып кетеді. Қаланың сәулетті келбетін қалыпқа келтіру үшін бірлесіп жұмыс атқаруды тапсырамын», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

 

Похожие материалы