Астана. 4 сәуір. 7kun.kz - Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, еңбек инспекторлары республиканың 437 кәсіпорны 7,7 мың жұмыскерге қарыз екені анықтады. Төленбеген жалақы көлемі 943 млн теңгеден асады.
Бұл кәсіпорын басшыларына 388 ұйғарым міндеттеліп, 49 млн теңге айыппұл салынды. Жалақы бойынша қарызды өтеу мерзімін қатаң белгілеу нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмыскерге 654 млн теңге төленді.
Қалған қарызға қатысты жұмыстар жалғасады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024