Москва. 27 шілде. 7kun.kz - 24 шілде күні Ресейдің Орталық банкі 6675 банкирдің «қара тізімге» енгізілгені туралы хабарлады.
ОБ қаржы ұйымдары қызметіне рұқсат беру және тоқтату департаментінің бастығы Людмила Тяжельникова РБК-ға берген сұхбатында тізімдегінің 5621-і банк басшылары мен директорлар кеңесінің мүшелері екенін айтқан. Олардың 3889-ның іскерлік беделі қанағаттанарлықсыз деп бағаланаған. Бұл тізімде 1029 кредиттік ұйымның иесі де бар. Оның 1009-ның беделі қанағаттанарлсықсыз деп бағаланған. 2016 жылдың 2 ақпанындағы жағдай бойынша ОБ-тің «қара тізімінде» 4742 банкир болған еді. Сол кездегі ОБ төрағасының орынбасары Михаил Сухов банк лицензияларының кері алуымен қатар «қара тізімдегі» банкирлер саны ұлғаятынын айтқан. Яғни лицензиясы алынған банк басшыларының барлығы «қара тізімге» енеді. Оның пікірінше «қара тізімдегі» банкирлерді өмір бойы кәсіби біліктілігінен айыру керек. Айта кетейік «қара тізімге» енген банкирлерге бірнеше жыл қатарынан банктерді басқаруға, директорлар кеңесіне мүше болуға тиым салынады. Сондай-ақ, мұндай банкирлер банк акцияларын 10%-дан артық сатып ала алмайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024