Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz - Оңтүстік өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 66 тұрғын үй пайдалануға берілетін болды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ ОҚО-ғы филиалының директоры Қасымбек Маликов мәлімдеді.
Оның айтуынша, облыста мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы екі бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі - жергілікті әкімдік арқылы салынатын үйлер болса, екіншісі - «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы салынатын тұрғын үйлер.
«Мәселен, осы жылы әкімдік арқылы жалпы аумағы 31,6 мың шаршы метр болатын 558 пәтерлік көпқабатты 11 үй тапсырылады. Ал «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы бойынша 180 мыңнан астам шаршы метр болатын баспана тапсырылмақ. Ол 3086 пәтерлік 55 үй. Осылайша, 2018 жылға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша банк желісімен облыста 226,2 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек», - деп атап өтті Қасымбек Маликов.
Сонымен қатар, ол биылдан бастап мемлекеттің барлық тұрғын үй бастамалары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзе асатытын атап өтті. Аталған бағдарлама 5 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырлады. Оның ішінде «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» кредиттік баспана бағытын жүзеге асырып, жеке тұрғын үй құрылысын несиелендіретінін жеткізді.
Брифингте осы жылдың 3 сәуірінен бастап жинақ шартын жасағаны үшін және шарттық соманы арттыру үшін алынатын комиссия көлемі 0 теңге болып бекітілді.
Еске салсақ, бұрын мұндай қызметтер үшін алынатын комиссия көлемі - шарттық соманың және депозиттің арттыру сомасының 0,55%-ын құраған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024