Алматы. 14 сәуір. 7kun.kz - «WhatsApp» арқылы еліміздің Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен өзге де байланыс арналарына бақылауды күшейтті деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімеді, деп хабарлайды inform.kz хабарлады.
«Конституцияға сәйкес әрбір азаматтың құпия хат алмасуға, телефонмен, пошта арқылы және басқа да хабарлама алмасуына құқығы бар. Бұл құқық прокурор санкциясымен заңнама аясында ғана шектелуі мүмкін», - деді Алмас Садубаев.
Осы ретте ол әдейі жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке түрткі болатындығын ескертті.
Еске салсақ, «WhatsApp» арқылы еліміздің Ішкі істер министрлігінің қаулысымен адамдар сөйлесуінің жаңа ережесі ертең күшіне енетіндігі туралы ақпарат тарады. Хабарламада барлық телефон қоңыраулары жазылатындығы, әлеуметтік желілер бақылауға алынатындығы айтылған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024