Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - Павел Баишев есімді қостанайлық тұрғын банктің экспресс-аударым қызметін қолданамын деп миллион теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Qasym.kz.
Павел Баишев интернеттегі жарнама арқылы жеңіл автокөлік сатып алғысы келген. Өзі ұнатқан көліктің қожайынымен тілдесіп, сатып алатын болып келіседі. Алайда көлік иесі дәл қазір Португалияда болғандықтан, сатып алушының төлем қабілеті барын дәлелдеуді талап еткен.
Ол үшін кез-келген сенімді адамының атына банктегі есепшотқа ақша аударып, өзіне чектің фотосуретін жіберуін сұрайды. Бұл операцияның қауіпсіз боларына сенімді болған азамат ағасының атына бір миллион теңге көлемінде қаражат аударады. Алайда шамалы уақыт өткен соң шоттағы қаражат жоғалып кеткен.
– Сатушы өзі шетелде болғандықтан менің төлем қабілеттілігімді дәлелдеуімді сұрады. Ол үшін Western Union қызметін пайдалану арқылы кез келген туысымның атына ақша аударуымды сұрады. Осы арқылы менде расымен де қаражат барына сенімді болғысы келген еді. Айтқанын жасап, туған ағам Геннадий Баишевтің шотына миллион теңге аудардым. Ал үш күн өткен соң шоттағы ақшаның жоғын көрдік, – деді Павел Баишев.
Ағайындылар осындан соң банкке хабарласып, арыз жазған. Банк «күтіңдер» деп жауап беріпті. Бірақ қанша күтетіндері белгісіз. Олар шоттағы қаражатты үшінші адамның қалай шешіп алғанын білмей дал болуда. Өйткені бұл операция қауіпсіз деп саналатын еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024