Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан медсақтандыру үшін 80 млн доллар қарыз алады

Қазақстан медсақтандыру үшін 80 млн доллар қарыз алады

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - "ҚР мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімді бекіту туралы" заң жобасында Халықаралық банктен медициналық сақтандыруды дамыту үшін 80 млн доллар кредит алу қарастырылған. Бұл туралы мәжілістің пленарлы отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

"Бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам" жоспарына сәйкес денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыру мақсатында  міндетті медициналық сақтандыруды енгізуіміз қажет. Бұл жүйенің шығыны артып келе жатқан, ол салада әлі де көп жұмыс атқарылуы қажет еді.

ҚР мен ХҚДБ арасындағы келісім президенттің және парламенттің бұйрығымен бекітілді. Займ сомасы 80 млн доллар. Ал Қазақстан оған қосымша 10 млн доллар қаржы бөледі.  Қарыздың сыйақы мөлшерлемесі - 2,3%, ал мерзімі бес жылдық льготты кезеңді қосқанда - 15 жыл. Қарыздың біту мерзімі 2021 жылдың 30 маусымы. Бұл жобаның мақсаты - аталмыш жүйенің қолжетімділігін арттыру", - деді Елжан Біртанов.

Халықаралық банк пен Қазақстан арасындағы келісім Астанада 2016 жылдың 1 қарашасында аяқталған еді.

Ал "Халықаралық қайта құру және даум банкі мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарызды бекіту туралы" заң жобасын Парламент Мәжілісі мақұлдады.

Похожие материалы