Астана. 19 сәуір. 7kun.kz - Мұнай экспорттайтын өзге елдермен салыстырғанда, Қазақстанда тәулігіне алынатын қара алтынның көлемі көп емес (20 мың баррель). Сонда да Астана ОПЕК-тің мұнай өндірісін қысқарту туралы талабын орындауға шешім қабылдады. Бұл туралы regnum.ru ақпарат агенттігі хабарлады.
2016 жылдың соңында Венеда өткен ОПЕК жиналысында тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін қысқарту туралы шешімді іске асырамыз деп Қазақстан бірнеше рет уәде берген. Алайда оның нақты уақыты осыған дейін белгілі болмай келді. 18 сәуірде өткен үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылдың мамыр-маусым айларында қара алтын өндірісін айтарлықтай қысқаратынын айтты.
Министрдің айтуынша, сәуірде де мұнай көлемі біршама азаяды. Маусымда мұнай өндірісі қысқарады. Бұл, ең алдымен, Қарашығанақ, Теңіз бен Қашаған кен орындарына байланысты.
Басылымның жазуынша, Қазақстандағы мұнай өндірісі негізінен табиғи жағдайларға байланысты. Сондықтан ОПЕК келісімін орындауда осы фактор есептелген. Бұл - маусым мен тамыз айларында Қазақстанда мұнай өндірісі айтарлықтай азаяды деген сөз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024