Алматы. 21 сәуір. 7kun.kz - ОҚО Ордабасы ауданында «Март» ЖШС-гі пияз кептіру цехын іске қосып, осы өнімді өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының басын біріктірмек. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ондағы мақсат – пияз өнімін ысырапсыз жинап алып, уақытылы саудалап, жарамсыз күйге түскендерін кәдеге жарату. Цех жабдықтары «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы арқылы лизингке сатып алынады.
Кәсіпорынның ерекшелігі – нарықта сұранысқа ие болмауы салдарынан қалдыққа айналған, даладан жинап алуға да жарамай қалған өнімдерді кептірумен айналысады. Енді диқандар пияздарын нарыққа шығарумен қоса, қалдықсыз әрі қосымша пайдамен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Оған қоса, шаруалардың бірігіп жұмыс жасауының арқасында кооператив құрылып, кіші шаруа қожалықтары ірі кәсіпорынға айналады.
Айта кетейік, Ордабасы ауданындағы диқандардың негізгі бөлігі пияз өсірумен айналысады. Осыған орай ауданда «ОҢТҮСТІК» АИО өкілдері кооператив құруға ниетті шаруалардың басын қосып, семинар-тренинг өткізді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024