Мәскеу. 4 мамыр. 7kun.kz - Жоғары оқу орындарын қолдаған Ресейлік компаниялар салық жағынан жеңілдікке ие болуы мүмкін. Елдің экономикалық даму министрлігі жаңа салық кодексіне осындай өзгеріс енгізді, деп жазады «Коммерсантъ» газеті.
Егер заң жобасы қабылданса ЖОО-ның жабдықтарын жаңартып, мақсатты капиталын қалыптастыруға үлес қосқан, практикант-студенттерге жалақы төлеп берген компаниялардың табыс салығы төмендейді.
Жоғары оқу орындары биліктің бұл бастамасын қолдап отыр.
«Бұл бұған дейін құлықсыз болып келген компанияларға білім, ғылым саласына инвестиция салуға итермелейді», - деп санады білім беру мекемелерінде.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024