Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz - Credit Suisse атты швейцариялық банк колл-орталық қызметкерлеріне көмектесетін 20 алгоритмді іске қосты. Олар жиі қойылатын сұрақтарға жауап беру арқылы қызметкерлердің жұмысын 50 пайызға жеңілдетеді. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Жаңа жүйе Amazon-ның Alexa атты дыбыстық көмекшісі секілді жұмыс істейді. “Сіз сұрақ қойсаңыз, ол сізге қажетті ақпаратты дереу ұсынады, сондықтан қызметкерлер анықтамалықтар мен сайттарды ақтарып жүрмейді, - дейді Credit Suisse-тің атқарушы директоры Брайан Шин. - Бұл қарапайым сұрақтармен шынында да жақсы жұмыс істей алады”
Шин оны робот деп атаса да, физикалық түр-келбеті болмағандықтан олар бот болып есептеледі. Шиннің айтуынша, жаңа технология банкке біршама қызметкерлерді жұмыстан шығаруға көмектескен. Бірақ одан қызметкерлердің саны өзгере қоймаған, себебі компанияға роботтардың қызметін қадағалап отыратын программистерді жалдауға тура келген.
Осыған дейін BlackRock атты қаржылық активтерді басқаратын компания жасанды интеллекті пайдалану арқылы қызметкерлерінің 40 пайызын жұмыстан босатқан еді. ManpowerGroup компаниясы жасағн сауалнама нәтижесі алдағы 2 жылда автоматтандыру процесі 90 пайызға жуық компанияның жұмысына әсер ететінін көрсетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024