Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz - Сот шешімімен Алматының 9 067 тұрғынына қарызының болуына байланысты Қазақстаннан шығуға шектеу қойылды. Бұл туралы жергілікті салық органдары хабарлады.
2017 жылдың 1 мамырындағы мәлімет бойынша, шамамен 120 мың алматылықтың жалпы сомасы 5,2 млрд теңге салық қарызы бар. Органдар салық төлемегендерден қарыздарын өндіріп алу үшін барлық материалдарды сотқа жіберіліп жатыр. Ал төленбеген жағдайда қажетті шараларды қолданылады.
"Қазіргі уақытта Алматы қаласы соттарына 21 автокөлік құралына салық төлемей жүрген жүргізушілерге қатысты 21 мың материал жолданды. Олар 2,6 миллиард теңге көлемінде қарыз. Сот шешімімен 9 067 адамға Қазақстаннан шығуға шектеу қойылып, 4 067 жеке тұлғаның мүліктеріне тыйым салынды", - деді мемлекеттік кірістер департаменті.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері еңбек демалыстарының жақындауына байланысты және жағымсыз жағдайлардан аулақ болу үшін көлік құралдарының салығын дер кезінде төлеп, қарыздары бар адамдарға қарыздарын өтеу керектігін еске салды.
Салық қарызы бар-жоғын мына электрондық қызмет көрсету жүйесі арқылы тексеруге болады: kgd.gov.kz.
Дереккөз: tengrinews.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024