Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz - ТурСтат сараптамалық агенттігі 2017 жылдың танымал емдеу-сауықтыру шипажайларының тізімін шығарды, деп хабарлайды Today.kz.
Сарыағаш шипажайы ТМД елдерінің шипажайлары арасында үшінші орын алды. Рейтинг бойынша топ жарып шыққан бестіктің құрамына Нафталан (Әзербайжан), Нарочь (Белоруссия), Сарыағаш (Қазақстан), Джермук (Армения) және Кобулети (Аджария) шипажайлары енген.
Рейтинг онлайн-брондаудың сараптама нәтижесі бойынша шығарылған. ТурСтаттың хабарлауынша, демалушылар Қазақстандағы емдеу-сауықтыру шипажайына орта есеппен 12 күнге келеді және тұратын орны, тамақтану мен емдеу шараларын қосқанда күніне 52 доллар (қазіргі курс бойына 16 224 теңге) жұмсайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024