Алматы. 22 қазан. 7kun.kz – Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы жайлы ақпаратты жариялады.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша қарыз алуға 44,5 млрд теңге сомасына 3 752 өтініш қабылданды. Оның ішінде 30,0 млрд теңге сомасына қарыз беруге 2 513 өтініш мақұлданды.
Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024