Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz – «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдың 10 желтоқсандағы жағдай бойынша қарыз алуға 62,1 млрд. теңге сомасына 5 298 өтініш қабылданды. Оның ішінде 40,7 млрд. теңге сомасында қарыз беруге 3 391 өтініш мақұлданды.
Ұлттық Банктің хабарлауынша, бағдарлама екі бөліктен тұрады. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді. 2018 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 158,3 млрд теңге сомаға 25 556 қарызды мақұлдап, 137,7 млрд теңге сомаға 23 673 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 236,4 млрд теңге сомаға 31 604 өтінім қабылданды.
Ал, бағдарламаның екінші бөлігі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.
"2018 жылдың 10 желтоқсанында банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 40,1 млрд теңге сомаға 5 131 өтінімді мақұлдап, 27,8 млрд теңге сомаға 3 845 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы қарыз алу үшін 64,5 млрд теңге сомаға 6 233 өтінім қабылданды", - дейді ҰБ-те.
Айта кетейік, банктердің валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау мерзімі шектеулі. Қарыздың бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024