«7-20-25» бағдарламасына мемлекеттен жеңілдікпен берілетін пәтерлер қосылды
Алматы. 18 ақпан. 7kun.kz – «7-20-25» бағдарламасының қатысушылары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін алды, - деп хабарлайды 7kun.kz.
Тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына тиісті өзгерістер 2019 жылдың басында күшіне енді.
Бұған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында бөлініп келген еді.
Мемлекеттік тұрғын үйдің бағалары нарыққа қарағанда арзан әрі өңірлерде көптеп салынады. Бір шаршы метрінің бағасы Астана, Алматы (қала маңындағы аймақтарды қоса алғанда), Атырау және Ақтау қалаларында 180 мың теңге, басқа өңірлерде 140 мың теңге құрайды. Мысалы, Астанада көлемі 60 шаршы метрді құрайтын екі бөлмелі пәтерді 10,8 млн теңгеге алуға болады. Оны 25 жылға алғанда ай сайынғы төлем 61 мың теңгеден аспайды.
«7-20-25» арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасының үйлерін алу айтарлықтай жеңіл. Оның бір себебі, әкімдікке кезекке тұру немесе ай сайын депозитке ақша жинаудың еш қажеті жоқ. Пәтерді таңдап, «7-20-25» бағдарламасына қатысушы банкке тұрғын үй құнының 20 пайызын алғашқы жарна ретінде салса жеткілікті.
«Нұрлы жер» бағдарламасының индикаторларына сәйкес ағымдағы жылы 20 мыңға жуық пәтер салу жоспарланып отыр. Ең көбі Алматыда (3,1 мың), Шымкентте (2 мыңға жуық), Астанада (1,8 мың) және Қостанай облысында (1,7 мың) тапсырылатын болады.
«7-20-25» бағдарламасы еліміздің кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық қарыз алу мүмкіндігін қарастырады:
Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін – 25 млн теңге;
Басқа өңірлер үшін – 15 млн теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024