Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Ұлттық банк Үкіметке меншік құқығында тұрғын үйі бар азаматтардың «7-20-25» бағдарламасына қатысу мүмкіндігін зерттеуді ұсынды.
Д. Ақышевтың айтуынша, Бағдарламаға қатысу талаптарының бірі – меншік құқығында баспананың болмауы. Сонымен қатар азаматтардың меншікті баспанасы болып, қосымша баспана талап етілетін көптеген жағдай бар.
«Бұл тұрғын үй талаптарын жақсартатын көпбалалы отбасылар, балаларына баспана сатып алатын ата-аналар, басқа географиялық өңірге көшетін азаматтар болуы мүмкін», - деді ол.
Д. Ақышев халықтың қажеттілігін назарға ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің Үкіметке Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы бар азаматтарға қатысу құқығын беру мүмкіндігін зерделеуді ұсынатынын атап өтті.
«Жалпы алғанда, ұсынылған шаралар Бағдарламаны жандандыруға қосымша қарқын беруге және Мемлекет басшысының азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмаларын іске асыруды тездетуге мүмкіндік береді деп есептейміз», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.
Д. Ақышев «7-20-25» бағдарламасын жандандыру үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет екендігін атап өтті.
«Қазіргі уақытта шектеудің бірі бастапқы баспананың, ең алдымен, өңірлерде баспананың жетіспеушілігі болып табылады. Осыған байланысты Бағдарлама талаптарына сай келетін тұрғын үй құрылысын Қазақстанның перспективалық өңірлерінде қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін тұрғын үйге сұранысты, демографиялық өсуді және халықтың көші-қонын ескеру керек», - деп түсіндірді ол.
Алдын ала бағалау бойынша азаматтардың Бағдарлама бойынша 2019 жылы баспанаға деген қажеттілігі шамамен 16 мың пәтер болады.
Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының айтуынша, тұрғын үй ұсынысын ұлғайту үшін Қазақстан Ұлттық Банкі «Баспана» компаниясының жергілікті атқарушы органдардың нарықтық талаптармен 150 млрд теңгеге дейін сомадағы облигацияларын сатып алуына рұқсат берді. Бүгінде бұл тетікті Шымкент қаласының әкімдігі ғана 10 млрд теңге мөлшерінде пайдаланды. «Баспана» ұйымынан қаржыландыру тарту құқығын басқа әкімдіктерге беру мүмкіндігін қарастыру қажет.
17 қаңтардағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасы бойынша 52 млрд теңгеге 4 350 өтінім мақұлданды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024