Алматы. 13 тамыз. 7kun.kz – Алматы «7-20-25» бағдарламасы бойынша ең көп несие берген қалалардың көшін бастап тұр, деп хабарлайды қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Фейсбукте жарияланған ақпаратқа сәйкес, Алматыда 312 өтінім мақұлданған.
«2018 жылдың 9 тамыздағы ахуалға сәйкес қалада жалпы құны 6,6 млрд теңге болатын 522 өтінім берілген. Барлығы 312 өтінім мақұлданды. Ал, жалпы Қазақстан бойынша 315 өтінім бойынша несие берілді. Оның 128-і Алматы тұрғындарына берілді. Бұл республика бойынша 44 пайызды құрайды», - делінген жазбада.