Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов БЖЗҚ-ның Әзірбайжанның халықаралық банкінде "тұрып қалған" қаржысын қайтарудың бірнеше жолын айтты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Сағынтаев зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға сәйкес "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның иесі мемлекет екенін атап өткен. Яғни зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет кепіл.
"Мен әзірбайжандық әріптесіммен тілдестім, премьер-министрмен, ол барлық қарызды қайтару бойынша жан-жақты көмек беретінін айтты. 23 мамырда Лондонда шетелдік кредиторлармен кездесу кезінде қарызды қайтару жолдары нақты айтылған. Бақыт Тұрлыханұлына Әзірбайжанның қаржы министрімен осы мәселені талқылап, мұны бақылауда ұстауға тапсырма бергенмін. Егжей-тегжейлі баяндап беруіңізді сұраймын", - деді Сағынтаев.
Бақыт Сұлтанов 2014 жылы БЖЗҚ активтерінен Әзірбайжанның халықаралық банкіне 10 жылға 8,25 пайызбен 250 миллион доллар (ол кездегі бағам бойынша 45 миллиард теңге) қарыз берілгенін айтты. Ұлттық банк мәліметі бойынша, осы уақытқа дейін Әзірбайжан банкінен 15 миллиард теңге сыйақы алынды.
"Әзірбайжанның қаржы министрі елдің ұлттық валютасы - манаттың құлдырауына байланысты Әзірбайжанның Халықаралық банкі кредиторлар алдындағы міндетін орындамады. Бұл мәселе елдің қаржы министрлігінің ерекше бақылауында. Ол жақтағы әріптестер банк қарызын қайтаруға барынша болысатынын айтты. Біздің басты міндетіміз - қарыз көлемін сол күйінде қалдыру. Бұл - Қазақстанның басты ұстанымы", - деп атап өтті Сұлтанов.
Сонымен бірге, ол 23 мамырда қарызды қайтарудың үш жолы айтылғанын атап өтті. "Бірінші жолы - 250 миллион қарызды 200 миллион етіп, Әзірбайжанның құнды қағаздары түрінде 5,125 пайызбен 12 жылда қайтару. Екінші жол - ол да Әзірбайжанның құнды қағаздары түрінде 3,5 пайыздық сыйақы мөлшерімен 15 жылда қайтару. Үшінші жол - осы банктің жаңа құнды қағаздары түрінде 3,5 пайызбен 7 жылда қайтару", - деп атап өтті қаржы министрі.
Ұсынылған жолдарды қарастыра отырып, Ұлттық банк және үкімет өкілдерінен құралған топ ең дұрыс жолын таңдайды. Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев қаржы министрінен бұл мәселені бақылауда ұстап, үкіметті үнемі ақпараттандырып тұруды сұрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024