Алматы. 2 маусым. 7kun.kz - Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халыққа есеп беру барысында айтты.
"Қазақстан бойынша мұнай өндірудің негізгі өсімі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарында қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар орта және кіші кен орындарында мұнай өндіру көлемдерін 2016 жылы 36 млн. тоннадан 2020 жылы 33,2 млн. тоннаға дейін төмедеуі болжанып отыр", - деді министр.
Өткен жылы Энергетика министрлігі мұнай нарығындағы проблемалардың салдарынан мұнай өндіру деңгейін түсірмеуге және мұнай өндіруші компанияларының жұмысын тұрақтандыруға бағытталған бірнеше шаралар қабылдаған болатын.
"Бұл шаралар компанияларға жоспарды 2,5 млн.тоннаға арттыруға мүмкіндік берді. Жоспар 75,5 млн. тонна болатын", - деді Бозымбаев.
Сонымен бірге, министр биыл Қашаған кен орнында 5 млн тоннадан астам мұнай және 3,1 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отырғанын айтты.
"Жалпы 2016 жылы мұнай өндіру көлемі 78 млн тоннаға жеткен. Ал осы жылы елдегі мұнай өндіру жоспары 81 млн тонна деңгейіне қойылды", - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024