АҚШ. 2 маусым. 7kun.kz - АҚШ президенті Дональд Трамп Климат жөніндегі Париж келісімінен шығу туралы шешім шығарды, деп хабарлады Reuters.
Трамп Париж келісімінің Құрама Штаттар үшін әділетсіз жасалған шарт екенін айтып өтті. Енді Вашингтон Париж келісімі бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауын доғарады.
Сонымен бірге, АҚШ президенті «жаңадан басқа бір келісімге қол қойғалы жүргенін» айтқан. Трамп "барлығы мен ойлағандай болса керемет болар еді" дейді.
АҚШ президенті бұл шешімге келуін Америка мен оның азаматтарын қорғау туралы мақсатымен байланыстырды.
Айта кетейік, Қазақстан Климат жөніндегі Париж келісіміне 2016 жылдың тамызында қол қойған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024