Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ виза алу талаптарын күшейтті

АҚШ виза алу талаптарын күшейтті

Вашингтон. 2 маусым. 7kun.kz - Енді виза алу үшін толтыратын өтінішіңізге әлеуметтік желіде тіркелген есіміңізді де көрсету қажет болады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Америкаға виза алу үшін қойылатын талаптарды қатаңдатты. Олар анкетаның жаңа нұсқасын дайындады. Анкетада бірқатар жаңа пункттер бар. Оның ішіде әлеуметтік желілерде ттіркелген аты-жөніңді де көрсету енгізілген.

Жаңа ереже бойынша, АҚШ консулдығының қызметкерлері виза алғысы келетіндерден барлық бұған дейінгі де паспортының нөмірін көрсетуді қажет етеді. Одан бөлек, соңғы бес жылда пайдаланған интернет парақшаларында тіркелген аты-жөндерін, соңғы 15 жылдағы биографиясын және еңбек өтілі мен басқа елдерге сапары туралы ақпараттар сұрауға құқылы.

Бұл сұрақтарға жауап беру міндетті емес. Алайда құжатта аталған сұрақтарға жауап берілмесе визаны беру мерзімі кешігуі немесе мүлдем берілмеуі мүмкін екені жазылған.

Похожие материалы