Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Сауд Арабияның Мәдениет және ақпарат министрлігі катарлық телеарна «Әл-Жазираны» ақпарат тарату лицензиясынан айырды.
Бұл туралы ведомствоның сайтында жарияланды, деп хабарлады 24.kz. Министрліктің мәліметінше, мұндай шешім телеарнаның лаңкестік ұйымдарға қолдау көрсетіп, саудиялықтарды арандатты деген айып бойынша қабылданып отыр.
Бұған дейін, 5 маусым күні Сауд Арабия және тағы 7 мемлекет Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024