Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Электронды сауда бойынша ЕАЭО елдеріне ортақ салық концепциясы жасалады

Электронды сауда бойынша ЕАЭО елдеріне ортақ салық концепциясы жасалады

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ЕАЭО аясында электронды саудаға арналған салықтың бірыңғай концепциясын жасады. Бұл туралы ЕЭК-тің саяси қаржы департаменті өкілі Яна Макарова "Ресейдегі интернет сауда. Жаңа мүмкіндіктер мен бағытар" атты конференцияда айтты.

"ЕАЭО елдеріндегі цифрлық экономиканың өркендеуі олардың салықтан жалтаруы немесе керісінше осы салада істейтіндердің екі есе салық төлеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін, - деді Я.Макарова. - Сол себепті салық әкімшілігінің жаңа механизмдерін ойлап табу керек".

Оның айтуынша, биыл көктемде  электронды саудаға арналған салықтың бірыңғай концепциясын жасап шығаратын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданған.

Одан бөлек, ЕАЭО-тағы компаниялардың, оның ішінде электронды саудамен айналысатын мекемелердің де екі есе көп салық төлеуіне қатысты мәселелерді реттейтін тағы бір жұмыс тобы құрылмақ.

Я.Макарова қазір ЕАЭО елдерінің ішінде тек Ресей мен Белорусия ғана "цифрлық компаниялардың" салық төлеуін реттейтінін айтты. "Ресейде "Google-ге салық" атты норма бар. Ал Белорусияда осыған ұқсас заң 2018 жылдан бастап күшіне енеді", - деді ол.

Сонымен бірге, департамент өкілі "Google-ге салық" аясында Ресейде салықтық есепке 111 интернет-компания тұрғанына тоқталып өтті.

Похожие материалы