Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Алтынның бағасы жыл басынан бері 12 пайызға артып троя унциясы 1287,2 АҚШ долларына тең болды. Бұл туралы LS хабарлады.
Маусымның 5-інде алтын бағасы троя унциясы үшін 1282,5 АҚШ долларынан басталды. Сауда барысында құнды металл қымбаттай түсіп, 1287,6 АҚШ долларына жетті. Осылайша жыл басынан бері алтын бағасы 11,74 пайызға қымбаттады.
Sberbank Investment Research Михаил Шейбе алтын бағасының қымбаттауына Америкадағы еңбек нарығының жағымсыз мәліметтері себеп болған. Ол өткен жұмада құнды металдың бағасы унциясына 19 долларға өскенін айтады.
"Бағаның өсуіне америкалық еңбек нарығы туралы ақпараттың күтелген деңгейден едәуір төмен болғаны әсер еткен. Қазір алтынның котировкасы тұрақты. АҚШ-тың Еңбек министрлігі жұмада жариялаған ақпарат инвесторлардың бұл нарыққа деген сенімділігін төмендетті. Себебі мамырда жұмыспен қамтылғандардың өсімі азайып кеткен. Өткен айда 138 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл соңғы 12 айдағы ең төменгі көрсеткіштен 43 мыңға төмен. Ал экономистер мамырда 185 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлаған", - деді ол.
Оның ойынша, бұл жағымсыз ақпарат АҚШ Федералды резервінің пайыздық мөлшерлемені көтеруіне еш кедергі болмайды.
Бұған дейін 7күн қазақстандықтар үшін депозит пен валютаға балама жинақ түрі пайда болғанын хабарлаған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024