Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға сапары және ШЫҰ саммиті қарсаңында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығына өзек болатын тағы бір қадам жасалды. Бұл туралы Хабар агенттігі хабарлады.
Шыңжаң аймақтық телеарнасы мен «Хабар» Агенттігі арасында келісім жасалып, тараптар шығармашылық байланысты нығайтуға уағдаласты. Енді екі телеарна дайын бағдарламалармен алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруы мүмкін. «Жібек жолындағы қойылым» тақырыбындағы Агенттіктің бірнеше төл туындысы Қытайда таратылады.Есесіне Шыңжаң жерінде түсірілген телеөнімдерді қазақ көрермендері тамашалай алады.
- Си Цзиньпин мырзаның Қазақстанға мемлекеттік сапарының қарсаңында қытайлық ақпарат құралдары мен Қазақстан телеарналары арасында ынтымақтастықты дамытуға арналған бірнеше іс-шара өтіп жатыр. Соның бірі – бүгінгі «Синьцзян» аймақтық телеарнасы мен «Хабар» Агенттігінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт. Бұл келісімшарттың басты мақсаты – екі ел арасындағы телевизия саласында өнім алмасу, ортақ телевизиялық бағдарламалар, жобалар жасау, сондай-ақ мамандар тәжірибесін бірлесе отырып жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жасау болып табылады, - деді «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары Ринат Кертаев.
- Қытайда тұратын қазақтар саны біршама. «Хабар» ұсынатын телеөнімдер олар үшін маңызды екенін айтайын. Демек бұл жақтан баратын бағдарламалардың тұрақты аудиториясы бар. Сапалы өнімдерді тіпті бүкіл Қытай тұщына тамашалайды деп ойлаймын, - деп пікір білдірді Шыңжаң телевидениесі жаңалықтар орталығының директоры Пэн Кай.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024