Алматы. 9 маусым. 7kun.kz - Қытайлық интернет-гигант Alibaba Group Holding Ltd. акциялары бейсенбіде бірден 13 пайызға қымбаттады. Нәтижесінде компанияның капиталы 42 млрд долларға, ал Азиядағы ең бай адам, сол компанияның басшысы Джек Маның дәулеті 2,8 млрд долларға ұлғайды.
Жыл басынан бері Джек Ма 8,5 млрд долларға байыды. Қазір оның дәулеті 41,8 млрд доллар. Bloomberg агенттігінің мәліметі бойынша, енді ол әлемдегі ең бай адамдардың арасында 14 орынға шықты.
Біраз бұрын Alibaba-ның қаржы директоры Мэгги Ву компания биылғы қаржылық жылы табыстың 45-49% артады деп жоспарлап отырғанын хабарлады. Қаржылық жыл 2018 жылдың наурызында аяқталады. Осылайша, табыс көрсеткіші 34,3 млрд долларға жетуі мүмкін.
Alibaba Қытайдағы ең ірі электронды коммерция платформаларын басқарады, оның ішінде ең танымал Taobao да бар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024