Алматы. 10 маусым. 7kun.kz - Ресей, Сауд Арабиясы және Қазақстанның Энергетика министрлері мұнай өндірісін қысқарту туралы ОПЕК келісімнің орындалуына қатысты үшжақты кездесу өткізеді.
"Біраз уақыттан соң Қазақстанмен келіссөз жүргіземіз. Одан кейін ресейлік әріптесім Александр Новакпен үшжақты кездесу болады", - деді Сауд Аарабиясының Энергетика министрі Халид аль-Фалих.
Ол Қазақстанның жағдайында мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімге қандай да бір өзгерістер енгізу қажет деп ойламайтынын және үш мемлекет те келісімді толық қолдайды деген үмітте екенін айтты.
"Келісімнің 9 айға созылғанына көңіліміз толады. Бұл келісімнің нәтижесін бірер аптада немесе айда көретін боламыз", - деді ол.
Халид аль-Фалих нарықтың статистикаға шектен тыс назар аударатынын атап өтті. Ол сөзін "Біз өткен аптада көрген статистикалық қателер жақында түзеледі", - деп қорытындылады.