Астана. 12 маусым. 7kun.kz - Халықаралық сарапшылар Қазақстанның Халықаралық Жасыл технология орталығын құру туралы шешімін қолдады. Бұл туралы Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша халықаралық сегізінші форумда мәлім болды.
2017 жылдың 11-14 маусымы аралығында Астанада Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша Министрлік конференция және Сегізінші халықаралық форум өтеді. Конференция нәтижесінде Министрлік декларациясы қабылданды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
Халықаралық жасыл технологиялар орталығын құру жөніндегі бастаманы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев білдірді.
Халықаралық «Жасыл технологиялар» орталығы энергетикалық сектордың трансформациясы, «жасыл» бизнестің қағидаларын ұстану, жасыл технологиялар және озық тәжірибелерді трансферттеу және биімдеу, жасыл қаржыны дамыту міндеттерін шешуге бағытталған.
Халықаралық орталық қызметтің жеті негізгі бағытын қамтитын болады: энергетикалық секторды трансформациялау, қаланың тұрақты дамуы, «жасыл» бизнестің қағидаларын ұстану, жасыл технологиялар және озық тәжірибелерді трансферттеу және биімдеу, жасыл қаржыландыруды және жаңартылатын энергия көздерін дамыту, жасыл дамудың әлеуетін арттыру.
Орталықтың қызметі ең алдымен Орталық Азия (Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан), Иран, Ауғанстан, Моңғолия және Әзірбайжан елдерінде тоғыстырылады.
Сонымен қатар орталық ЭЫДҰ-ның, Еуропалық одақтың индустриялық дамыған елдерімен, АҚШ, Ресей Федерациясы, Қытай, Үндістан және Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастық орнатады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024