Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - 2016 жылдың мамырында 1 мың дана карта шығарылса, 2017 жылдың дәл осы айында 12 мың данаға жуық карта айналымға шыққан. Бұл туралы Қазкоммерцбанктің баспасөз қызметі хабарлады.
Яғни бір жыл ішінде Qazkom кредиттік картасын пайдаланушылардың саны 12 есеге артқан. Qazkom-ның кредиттік карта қоржыны 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 82,3 мыңнан 143 мың данаға дейін өскен.
2016 жылғы ай сайынғы кредиттік карталардың көлемін ұлғайтудың арқасында 2017 жылдың басынан бастап Қазкомның нарықтағы үлесі 4,7 пайыздан 6,1 пайызға дейін жеткен.
«Біз бұл өнімді болашағы зор бағыттың бірі ретінде қарастырып отырмыз және жыл соңына дейін нарықтың 15%-ын алуды көздеп отырмыз», - деді Qazkom-ның басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров.
Бүгінде Қазкоммерцбанктің 2,5 млн жуық дебеттік және кредиттік картасы бар. Банк Visa, MasterCard, Union Pay International ірі төлем жүйелерінің карталарын шығарады және Қазақстанда American Express-тің бірегей эмитенті, сондай-ақ Diners Club карталарын қабылдайтын жалғыз банк болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024