Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазатомөнеркәсіп және Uranium One өндіріс ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойды

Қазатомөнеркәсіп және Uranium One өндіріс ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойды

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Ураниум Уан Груп» АҚ (Uranium One - «Росатом» мемлекеттік корпорациясының халықаралық тау-кен дивизионына кіреді) қазақстандық-ресейлік бірлескен уран шығаратын өнеркәсіптерінде өндіріс үдерісін автоматтандыру саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК және Uranium One өндірістік, қаржылық және басқару үдерістерін автоматтандыруда біртұтас әдістерді жасап шығару мен енгізу саласында ынтымақтастықты бірлесіп дамытуға, геологиялық барлау мен дайындық жұмыстары саласына жаңа сандық технологияларды енгізуге қызығушылын білдірді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК және Uranium One сандық технологияларды дамыту стратегиялық ынтымақтастығы ортақ уран шығаратын өнеркәсіптердің операциялық тиімділігін сапалы түрде жоғарылату және жұмысын атоматтандыруға бағытталған. Әріптес компаниялар геологиялық барлау мен уран кен орындарын пайдалану саласында көпжылдық тәжірибеге ие. Қазақстан аумағында бес ортақ өнеркәсіп бар: «Қаратау» БӨ, «Ақбастау» БӨ, «Заречное» БӨ, «ЮГХК» БӨ және «Хорасан-U» БӨ. Уранды шығару ұнғыма арқылы жерасты шаймалау секілді озық, экологиялық таза әдісімен жүргізіледі.

 

***

Uranium One халықаралық тау-кен дивизионы «Росатом» мемлекеттік корпорациясының шетелдік уран шығаратын активтерін біріктіреді. Дивизионның холдингтік компаниясы – «Ураниум Уан Груп» АҚ. Қазақстан мен АҚШ кен орындарында табиғи уран шығарылатын өнеркәсіптері бар негізгі актив – Uranium One Inc. компаниясы. Uranium One дивизионы әлемде өндірістің тиімді өзіндік құнына ие уран шығару көлемі бойынша төртінші орында тұр.

Похожие материалы