Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда прокурорлар бизнесті мүлдем тексермейтін болады

Қазақстанда прокурорлар бизнесті мүлдем тексермейтін болады

Алматы. 15 маусым. 7kun.kz - Бұл туралы кеше «Атамекен» ҰКП-ның IV съезі барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тексеру нәтижесіне сәйкес, бақылау-қадағалау қызметі қысқару үстінде. Жеті жылдың ішінде тексерулер 5 есеге азайды. Прокуратура туралы жаңа заңға сәйкес, бизнесті тексеруден мүлдем бас тартпақпыз. Олар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ерекше жағдайлар болғанда ғана жүргізіледі», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, соңғы 18 жыл бойы тексерулерді прокуратура органдары  тіркеп келеді. Қазіргі уақытта тіркеу тәуекелдерді бағдарлауға арналған ІТ жүйеге көшірілуде.

«Қамқор» деп аталатын мобильді қосымшаны іске қостық. Кәсіпкердің ұялы телефонына барлық мәліметтермен бірге тексеру туралы СМС хаттама келіп түседі. Барлығына қолжетімді тексеру картасы бар. Онда кімнің көп бұзушылыққа барғаны көрсетіліп тұрады», - деді Ахметжанов.

Бұған дейін Марат Ахметжанов Қазақстанда экономикалық қылмыстарды қозғау тәсілдері өзгергенін айтқан.

Похожие материалы