Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ Федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені арттырды

АҚШ Федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені арттырды

Вашингтон. 15 маусым. 7kun.kz - АҚШ Федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені 0,25-ке арттырды. Нәтижесінде базалық мөлшерлеме 0,75−1 пайыздан 1-1,25 пайызға дейін көтерілді, деп жазды vestifinance.ru.

Сонымен бірге ФРЖ биыл облигациялар мен құнды қағаздарға салынатын қаржы көлемін қысқартатынын мәлімдеді.

Бұл шешім Bloomberg пен Reuters агенттіктері жүргізген сауалнама нәтижесімен сәйкес келген. Бұған дейін реттеуші наурызда базалық мөлшерлемені көтермек болған.

ФРЖ-ның Ашық нарық комитетінің (Federal Open Market Committee, FOMC) көптеген мүшелері маусымдағы отырыс қорытындысы бойынша базалық мөлшерлеме 2017 жылы 1,375 пайыздық деңгейге дейін тағы да көтерілуі мүмкін деген пікір айтады.

 

Похожие материалы