Алматы. 20 маусым. 7kun.kz - Болжам бойынша 2018 жылы ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің басқарма төрағасы Данияр Ақышев журналистермен болған кездесуінде айтты.
"Экономикалық өсімнің үш жыл баяулаған болатын. Қазіргі уақытта ресми статистика бойынша, 2017 жылдың І тоқсанында ЖІӨ 3,4 пайызға көбейген. Ұлттық экономика министрі жақында қаңтар-мамырдың алдын-ала көрсеткіштерін жариялады. Бірақ статистиканың ресми мәліметтерін күткен жөн. Біздің ойымызша, 2017 жылы ЖІӨ өсімі 3 пайыздың көлемінде болады. Ал 2018 жылы өсім 4 пайызды құрайды", - деп атап өтті Ақышев.
Сонымен қатар, ол президенттің тапсырмасы бойынша басқа да табыс көздерін қарастырып жатқанын айтты.
"Алайда сіздер білесіздер, нақты көрсеткіш болжанған мәліметтерден жоғары шығуы керек. Сол үшін мемлекет басшысы ЖІӨ өсімінің жаңа көздерін табуды тапсырды. Біз қазір үкіметпен бірге осы мәселені талқылаудамыз. Мұның қалай жұмыс істейтіні туралы басқа нұсқаларды да қарастырып жатырмыз", - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024