Алматы. 20 маусым. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-мамырында инфляция деңгейі 2016 жылдың аталған мерзіміне қарағанда 1 пайызға жуық төмендеген. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің басқарма төрағасы Данияр Ақышев журналистермен болған кездесуінде айтты, - деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
Ақышевтің мәліметінше, 2017 жылдың алғашқы 5 айында инфляция деңгейі 3,3 пайызды көрсетті. 2016 жылдың қаңтар-мамырында бұл көрсеткіш 4,2 пайыз болған. Ал жылдық инфляция 7,5 пайызға дейін төмендеді.
"Біздің есептеуімізше 2017 жылы инфляция деңгейі төменгі және жоғарғы шектік деңгейден шықпауы тиіс. Яғни 6-8 пайыз аралығында болады. Ал келесі жылы инфляция 6 пайыз немесе одан сәл жоғары деңгейде болады. Бұдан экономикалық өсім қарқынының жылдамдауы кез келген уақытта қалыпты жағдайда болатынын көреміз. Ол әрі қарай да өсе береді. Ал инфляция деңгейі жоғары шектік деңгейден асып кетуі мүмкін. Бірақ, оның ықтималдылығы төмен", - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024