Алматы. 20 маусым. 7kun.kz - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитеті қылмыс жайлы интерактивті картаны таныстырды.
Мұндай карта krisha.kz сайтында пайда болды. Енді пәтер сатып алғысы келген әрбір қазақстандық өзі таңдаған аудандағы қылмыстық құқық бұзушылық деңгейін біле алады.
"Қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы картаны тек ҚР азаматтары ғана емес жергілікті полиция қызметкерлері де пайдаланып кезекшілік маршруттарын осы картаға қарап бекітетін болады. Алғашқы жарты жылда бұл сервисті құқық қорғаушы орган қызметкерлерінің арасында қолданып көрдік. Келесі кезекте азаматтар тұр. Ондағы мақсат тұрғындардың өздері ПИК пен учаскелік полиция қызметкерлерін жағымсыз оқиғалардың алдын алуға итермелеуі керек. Себебі бұл қылмыс көрсеткішін ғана көріп отыратын ақпарат емес", - деді Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин.
Комитет төрағасы уақыт өте келе адамдардың қылмыс деңгейі қызыл, сары түстермен боялған аймақтарға қарауға көздері үйреніп кетуі мүмкін екендігін және нәтижесінде ол жылжымайтын мүлік бағасына әсер етуі мүмкіндігін айтты.
"Мен бізде де Open data-ның жұмыс істегенін қалаймын. Осындай тренд бар. Біз бұл мағлұматтардың сервердің бір жерінде жатқанын қаламаймыз, керісінше ол қоғамның қажеттілігіне жарауы керек", - деді құқықтық статистика комитетінің төрағасы.
Оның айтуынша, жуық арада азаматтар аудандық ішкі істер қызметінің басшыларынан өздері тұратын аумақтағы қылмыс деңгейін қалай төмендетуге болатын сұрайтын күн туады. Осылайша Қазақстанда тәртіп саласындағы қоғамдық бақылау жақсара түспек.
Интерактивті картаның жұмыс істегенін бір айдан асқан. Бағдат Мусин бұл неліктен krisha.kz сервисі ұсынғанын да түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, ақпарат қажеттілік туындағанда ғана құнды екенін. Сол себептен комитеттің қолында бар ауқымды ақпаратты халықтың қажеттілігіне жарату туралы идея туындаған және бұл ақпаратты ең қажет ететіндер де пәтерді сатып алушылар мен жалға алушылар. "Сол себепті біз осы сервистің аудиториясын таңдадық", - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024