Астана. 21 маусым. 7kun.kz - Бүгін Үкіметте Астанада өтетін Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы отырысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Шеврон» атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсонмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Теңіз кен орнын кеңейту жобасы талқыланды. Тараптар аталған жоба Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, сондай-ақ ТШО-ның барлық серіктестеріне оң мультипликативті әсер беретінін атап өтті.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында бекітілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында мұнай-газ секторын технологиялық жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, екі жақ Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.
Анықтама:
«Шеврон» Қазақстанның басындағы Теңіз кен орнын өңдейтін «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) акцияларының 50%-на ие.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024