Астана. 21 маусым. 7kun.kz - Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін баспанамен қамтуда қолымыздан келгенін жасаймыз. Бүгін елордадағы Қазмедиа орталығында өткен халықпен есептік кездесуі барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді.
«Журналистерге үй беру мәселесінде біз қолымыздан келгенін жасаймыз, көмектесеміз. Бірақ, бір нәрсені түсінуіміз керек. Журналистер бюджеттік мекеме қызметкерлері қатарына жатпайды. Мәселен, басқа жекеменшік газеттерде жұмыс істеп, жоғары жалақы алу мүмкіншілігі бар деп есептелінеді. Сондықтан бұл тұрғыда осы ой-сананы өзгерту де қиын. Бірақ, біз арнайы жұмыс істеп жатырмыз», – деді Дәурен Абаев.
Сонымен қатар ол, министрлік ірі бұқаралық ақпарат құралдарына екінші деңгейлі банктердің алдында кепіл болуы арқылы да көмек беруі мүмкін екендігін айтып өтті.
«Басқа жолын айту қиын болып тұр. Өйткені БАҚ өкілдерінің 90 пайызы жекеменшік саналады. Ал олар жекеменшік болғандықтан мемлекет көмек бере алмай отыр. Біз мемлекет тарабынан тапсырыс беріп, сол арқылы жекеменшік БАҚ-ты жаңа деңгейге көтеруге көмектесе аламыз», – деді министр.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024