Алматы. 21 маусым. 7kun.kz - Елдің валюта нарығындағы өзгерістер мұнай бағасының төмендеуі аясында әлемдік нарықта қалыптасқан жағдайдың тікелей көрінісі болып табылады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекованың айтуынша, соңғы апталарда мұнай бағасының барреліне 46 доллар немесе одан да аз болуына нарықтағы ұсыныстың артықшылығы туралы жаңалықтар себеп болып отыр. Оның айтуынша, Ливиядағы мұнай өндірісінің ұлғаюы және АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірісінің өсуі туралы жаңалық нарықты ұсынысты төмендету бойынша ОПЕК шараларының табыстылығына күмәндануға мәжбүр етті.
«Нарықтағы болжам бойынша, ұсыныстың артық болуы болжағаннан ұзақ сақталады. Осылайша, ОПЕК келісімінің тиімділігі барынша күмән тудырады», – деп атап өтті Ә. Молдабекова.
Негізгі іргелі факторлардың бірі ретінде мұнай бағасының серпіні Қазақстан теңгесінің айырбастау бағамында көрінеді. Алайда ұлттық валютаның әлсіреуі Қазақстанда ғана емес, экономикасы ұқсас басқа елдерде де байқалып отыр. Аптаның басынан бастап мұнай бағасының оң түзетуі бар мынадай валюталардың кейбір төмендеуі болды: 19 маусымда күн жабылғаннан бастап ағымдағы сәтке дейін теңге шамамен 2.3%, Ресей рублі 2.7%, Канада доллары 0.5%, Бразилия реалы 1.4%, Норвегия кронасы 0.7% төмендеді. Жұмадан бастап теңге 3%, Ресей рублі 4%, Канада доллары 0.6%, Бразилия реалы 1.1%, Норвегия кронасы 1.4% құлдырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз кезегінде валюта нарығындағы ахуалды қадағалауын жалғастырып отыр және артық құбылмалылықты реттеу жөнінде шаралар қабылдау құқығын өзіне қалдырып отыр.
2015 жылғы 20 тамызда валютаның еркін өзгермелі бағамының режиміне өткен сәттен бастап ұлттық валютаның айырбастау бағамы нарықтық болып табылады және валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Бұл қаржы секторындағы теңгерімсіздіктің жинақталмауына, сондай-ақ экономиканың сыртқы факторлардың өзгерістеріне орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.