Алматы. 26 маусым. 7kun.kz - «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» корпоративті басқару бойынша «CG6» рейтингін иемденді, болжам «Тұрақты», деп хабарлады Алматы қаласының Аймақтық Қаржы Орталығының Рейтинг агенттігі.
ААҚО РА мәліметі бойынша, компания иемденген бұл рейтингі корпоративті басқарудың жоғары деңгейін көрсетеді және оның бағалауының негізгі параметрлерінің төменгі қатерін растайды. Компанияның корпоративті басқаруының тұрақты болжау рейтингі, осы жылдың соңына дейін, осы рейтинг белгіленген деңгейде қалады.
Корпоративті басқару рейтингі инвестиция үшін нысанды таңдау кезде инвесторлардың назарына ілінетін маңызды аспект. Өйткені ол басқару сапасына компанияның сыртқы талаптардың орындау деңгейін және ішкі корпоративті процедуралардың тиімділігін көрсетеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024