Астана. 10 шілде. 7kun.kz - Астана қаласынан мемлекет бюджетіне жылына 1 трлн теңге қаржы түседі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде хабарлады.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Астана қаласының даму екпіні жалпы елдің даму қарқынына үлкен әсер ететінін ерекше атап өтті.
Президенттің айтуынша, қазіргі уақытта Астана қаласынан мемлекет бюджетіне жыл сайын 1 трлн теңге түсім түседі. Оның 65 пайызы шағын және орташа бизнестен келеді.
"Біз экономика, саясат және мәдениет салаларында ірі жетілдіру жұмыстарын атқарып жатырмыз. Бұл жұмыстың нәтижесі біздің мемлекетімізді дамытуға көзделген. Біздің бейбітшілік саясаты, инвестиция тарту саясатының барлығы барша қазақстандықтарға қолайлы өмір қалыптастыру үшін бағытталған", - деді Н.Назарбаев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024