Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар балық өнімін көбірек тұтына бастады

Қазақстандықтар балық өнімін көбірек тұтына бастады

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz - 2017 жылы Қазақстанда жаңа ауланған балық өндірісінің көлемі 19 пайызға, консервіленген балық көлемі 6 пайызға артты. Бұл туралы energyprom.kz агенттігі хабарлады.

Соған байланысты баға да көтерілді. Жаңа ауланған, мұздатылған және тұздалған балықтар бір жылда 6-9 пайызға, ал консервілер 13 пайызға қымбаттаған.

Жаңа ауланған, тоңазытылған және мұздатылған балықтар

2017 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстанда 11,2 мың тонна жаңа ауланған, тоғазытылған және мұздатылған балық өндірілді. Бұл 2016 жылға қарағанда 18,6 пайызға көп. Негізгі жеткізуші аймақтар - Атырау және Қызылорда облысы. Олар Қазақстан бойынша өнімнің үштен екісін қамтамасыз етеді.

Консервіленген балық, уылдырық және оны алмастырушылар

Дайын және консервіленген балық өндірісінің көлемі 2017 жылдың қаңтар-мамырында 4,3 мың тоннаға жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 5,8 пайызға көп. Қазақстан бойынша өнімнің үштен екісін Алматы облысы, Батыс Қазақстан облысы және Оңтүстік Қазақстан облысы қамтамасыз етеді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша, жңа ауланған, тоңазытылған және мұздатылған балықтар көлемі 2015 жылдан қарағанда 16,1 пайызға өскен. Ал консервіленген балық, уылдырық және оны алмастырушылар өндірісі 2,6 пайызға артты.

2017 жылдың маусымның қорытындысы бойынша, жаңа ауланған және тоңазытылған балықтың бөлшектік бағасы 2016 жылдың маусымымен салыстырғанда 6,1 пайызға өсіп, 588,7 теңгені (1 кг) құрады. Ал тұздалған және қақталған балықтардың 1 келісінің бағасы 1283,3 теңгеге (8,6%) жеткен. Мұздатылған балықтың 1 келісінің құны болса, 8 пайызға қымбаттап, 830,6 теңге болды.

Похожие материалы