Түркиялық компания банкротқа ұшырап, қазақстандық туристер қонақүйсіз қалды
Алматы. 12 шілде. 7kun.kz. - «ELITE CLASS» туристік фирмасының банкротқа ұшырауынан Түркияда 30 қазақстандық турист қонақүйсіз қалды. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.
Компания Түркия уақытымен 11 шілденің 14:00-де банкротқа ұшырағандарын жариялаған. Қолайсыз жағдайға тап болған қазақстандықтарға Анталиядағы Қазақстан консулдығының қызметкерлері көмектесіп жатыр.
«Элит Класс» өкілдері Қазақстандағы серіктесі «Компас» компаниясының өз міндеттерін атқармауынан банкротқа ұшырағандарын айтты. «Компас» компаниясынан бөлек, Қазақстанда «Элит Класстың» өзге де серіктестері бар және олардың атауы анықталып жатыр. Қазір 30 қазақстандық Sueno Belek қонақ үйінің кіреберісінде отыр. Оларды қонақ үйге орналастыру мәселелерін шешу үшін Анталиядағы Қазақстан консулдығы оқиға орнына аттанды», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.
Сондай-ақ, ол «Ертең Анталияға дәл осы оператордан жолдама сатып алған өзге туристер де келе бастайды. Аталған туристік оператордан немесе олармен байланысы бар өзге де компаниялардан жолдама сатып алған азаматтарға мәселе толық шешілмейінше, сапарға аттанбау туралы кеңес береміз», - деді Әнуар Жайнақов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024