Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстандық қор биржасында (KASE) шетелдік валютамен сауда көлемі 52,2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы биржа баспасөз қызметінде хабарлады.
Көрсеткіш 2016 жылғымен салыстырғанда 2,7 есеге артқан.
Ақпаратқа сәйкес, KASE негізгі (таңғы) сауда сессия келісімдері есебімен 4 қаңтардан 30 маусымға дейінгі аралықта теңгенің АҚШ долларына орташа курсы - 317,56 теңге/1доллар, ал биржаның барлық келісімдері бойынша - 317,61 теңге болған.
Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтар-маусымында мемлекеттік құнды қағаздармен сауда көлемі (KASE) 437,4 млрд теңгені (1,4 млрд доллар) құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 31 пайызға артқан (долларлық өрнекте 44,3 пайызға артты).
Айта кетейк, KASE 1993 жылдың қарашасында құрылған. Бүгінде биржа шартты түрде 5 негізгі секторға бөлінетін әмбебап қаржы нарығын құрайды:
- шетелдік валюта нарығы;
- мемлекеттік құнды қағаздар нарығы;
- акциялар мен корпоративтік облигациялар нарығы;
- репо (келісімнің бір түрі) операциясы нарығы;
- дериватив (қаржы құралы) нарығы.