Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана жаңа ғимараттармен толығады

Астана жаңа ғимараттармен толығады

Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - 2030 жылға дейін тағы бір сауда және ойын-сауық орталығы — "Керуен-2" ашылады. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

Сондай-ақ, Астанада Республика және Иманова көшелерінің қиылысында «Сити Палас» атты жаңа ойын-сауық орталығы пайда болады. Бұл орталықтың құрылысы жеке инвестициялар есебінен жүргізіледі.

Астананың 2030 жылға дейінгі даму жоспары бойынша елордада жаңа ғимараттар бой көтереді. Олардың арасында көп пәтерлі тұрғын үй кешендері де бар.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2017-2021 жылдары шаршы метрі 330 мың теңгеге дейін жететін 100 мың пәтер пайдалануға беріледі. Құрылыс басқармасы арқылы бюджеттік қаражат есебінен – 8247 пәтер, оның ішінде 2017 жылы салынатын – 1120 пәтер (жалдамалы баспана – 300 пәтер, несиелік баспана — 820)", — деп хабарлады әкімдік.

Жаңа тұрғын үй кешендері Шәмші Қалдыаяқов, Мәңгілік ел, Александр Бараев және Шоқан Уәлиханов, Тұран, Қабанбай батыр көшелері бойында пайда болады.

Дереккөз: abctv.kz

 

Похожие материалы