Алматы. 24 шілде. 7kun.kz - Алатау ауданында күніне 1,5 мың адамға дейін қызмет көрсететін ХҚКО ашылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Орталық операциялық, өз-өзіне қызмет көрсету, сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, құжаттандыру, азаматтарды тіркеу, құжаттарды беру, кеңес деген сегіз сектордан тұрады.
Жаңа орталықта күніне 1,5 мың адамға дейін жұмыс істейді. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдайлар жасалған. Олар ыңғайлы пандустарды, лифтерді пайдаланып, өздеріне қажет түрлі тетіктерді баса алады.
Алматы қаласы бойынша ХҚКО филиалының директоры Данияр Ахметов қалалықтарға барынша қолайлы болу үшін «Connection Point» өз-өзіне қызмет көрсету секторының жұмыс жасайтындығын жеткізді. Мұнда қажетті барлық электрондық қызметті, соның ішінде бала бақшаға кезекке қоюға, мекенжай және зейнетақы анықтамасын алуға, некеге тұруға өтініш беруге және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға болатындығын айтты.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024