Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғыртуға 53 млрд теңге бөлінеді
Алматы. 26 шілде. 7kun.kz - «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағына биыл 7,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Қаражатты қарашада толық игеру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымы бөлігінде биыл 7,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Осы қаражатты толық игеру 2017 жылғы қарашаға жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, газ турбиналары орнатылып, ауа салқындату конденсаторларын жеткізу жүзеге асырылып жатыр», - деп тап өтті министр.
Сондай-ақ, биыл жылумен, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту бағыты бойынша ұлттық қор қаражатынан 53 млрд теңге қарастырылды.
«Бұл 2017-2018 жылдар кезеңінде 1 248 км желіні салу мен қайта құруға мүмкіндік береді. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар табиғи монополия субъектілеріне 29,3 млрд теңге мөлшерінде бюджеттік несие берген», - деді Т. Сүлейменов.
Осы ретте министр табиғи монополия субъектілері қаражатты баяу игеретінін атап өтті.
«Табиғи монополия субъектілері 3,2 млрд теңге игерген. Осыған байланысты, 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар табиғи монополия субъектілеріне қаражатты толық көлемде аударғанын ескерсек, біз өз жұмысымызды орындап шықтық. Сонымен бірге, табиғи монополия субъектілерінің өздерімен байланысты қандай да бір сұрақтар туындайды, олар қаражатты өте баяу игеруде.», - деп қорытындылады министр.
Дереккөз: strategy2050.kz
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024