Алматы. 25 шілде. 7kun.kz - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанмен дебатқа шығудан бас тартты. Бүгін ол үкіметте өткен брифингте пікірталастырудың қызықсыз екенін айтты.
«Тайжанмен пікірталасқа келсек бұл менің міндетім емес деп санаймын, мен үшін қызық емес, онымен кездеспеймін», - деді Сағадиев.
Еске салcақ, Ошақбаев пен Біртановтың пікірталасынан кейін Тайжан Сағадиевті дебатқа шақырған еді.
«Министр өз реформаларын қоғам алдында қорғай алуы керек. Біртанов қорықпады, Ошақбаевты дебатқа өзі шақырды. Ал Сағадиев үштілді білім беруді, ескі қазақ тарихын жоғары оқу орындарында оқытуды алып тастауды, бірінші сыныптан «Әліппені» алып тастауды қорғай ала ма? Көреміз», - деп жазған еді Facebook-тегі парақшасында.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024